Хормен және қимыл-қозғалыс жасай отыра оқытуы

» Үштөбе тірек мектебі (РО)»КММ-нің бастауыш сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында түрлі оқу түрлерін пайдалану арқылы ертегі,әңгіме, өлеңдер,т.б шығармалар оқыды. 2 «А» сынып оқушылары Мұзафар Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңін қимыл-қозғалыс жасай отыра хормен оқып шықты. Хормен және қимыл-қозғалыс жасай отыра оқытудың мақсаты- алдымен оқушыларды оқуға қызықтыру, зейінін тұрақтандыру. Хормен оқу оқушылардың еркін сөйлеуін , өзіне деген сенімділігін және ынтасын арттыруға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс арқылы оқу оқушылардың көңілінен шықты. Өлеңді ерекше ынтамен, қызығушылықпен оқып шықты. Алдағы уақытта да шығармаларды оқуда оқудың түрлі әдістерін қолдану жоспарда бар.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий