Архив рубрики ‘Наши ученики’

«Күзгі fresh»

14 қазан күні мектепте «Күзгі fresh» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында квн сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көп алдында сөйлеу, актерлік шеберлік т.б қасиеттерін дамытып, өздерін жаңа қырынан аша білді. Үздік ойын көрсеткен сыныптар марапатталып, іс-шара би кешімен аяқталды.

Жақсы жаңалық!

14 қазан Үштөбе тірек мектебі Бұқар жырау ауданында ұйымдастырылған мектеп оқушылары, педагогтары және ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуенге 3 бағыт бойынша қатысып, белсенділік көрсетті. Бірінші бағыт бойынша «Адал ұрпақ» тақырыбында көрмеге материалдар дайындап, ұйымдастырушылардың ризашылығына бөленіп, алғыс хатқа ие болдық. Екінші бағыт квн сайысына 9 «А» сынып оқушыларынан құралған «Голивуд» квн командасы сынып жетекшісі Оркен Құдайберген Оркенұлының жетекшілігімен 5 минуттық әдемі ойын дайындады. Оқушылар салмақты тақырыпты әдемі әзілмен көркем түрде жеткізе білді. 12 команда арасынан топ жарып І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Темекі-ғасыр дерті!

5 -11 сыныптарда «Темекі – ғасыр дерті»атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым — біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Сабақтарда адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат — темекі туралы салмақты ой қозғалды. Сонымен оқушылар өз ойларын толықтай жеткізе алды. Адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады деген пікірлер айтылды. Зиянды заттардан аулақ болайық.

Дублер күні!

30 қыркүйек күні әдемі мерекелердің бірі Мұғалімдер күніне мектеп парламенті және 11 сынып оқушылары ерекше дайындалды. Таңертең дәлізде сүйікті ұстаздарын қошеметпен қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп құттықтады. Мұқият дайындалып, үлкен жауапкершілікпен ұстаздарының орнына сабақ берді.
Оқушылар әрі сынып жетекші, әрі пән мұғалімдері болып бөлініп, мұғалім жұмысының жауапкершілігін бір күн болса да өз бойларынан өткізді.

Күзгі мектеп аясында

Күзгі мектеп аясында Қарағанды облысының білім басқармасы математика, физика және информатика пәндерінен мұғалімдер арасында ашық республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді. Аталған облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдерінен жеңімпаз атанған математика пәнінен 39, физика пәнінен 27, информатика пәнінен 36 мұғалім қатысты. «Үштөбе ТМ (РО)» КММ-нің математика пәні мұғалімі Шаймерденова Гульназира Ертаевна байқауда жүлделі ІІІ орын иеленді. Физика пәні мұғалімі Байжұма Ақбөпе Бауыржанқызы аудандық кезеңде байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
В рамках осенней школы управлением образования Карагандинской области проведен областной этап открытого республиканского конкурса среди учителей математики, физики и информатики. В данном областном конкурсе приняли участие 39 учителей математики, 27 учителей физики, 36 учителей информатики, которые стали победителями районного и городского этапов. Учитель математики КГУ «Уштобинская СШ (РЦ)» Шаймерденова Гульназира Ертаевна заняла ІІІ место в конкурсе. Учитель физики Байжума Акбопе Бауыржановна была награждена благодарственным письмом за активное участие в конкурсе на районном этапе.

Биология пәнінен аймақтық олимпиада

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ұйымдастырумен оқушылары арасында биология пәнінен өткізілген аймақтық олимпиадада 10 «А»- сынып оқушысы Тұрсынхан Торғын ІІ орынға ие болды.(Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова К.Ы). Құттықтаймыз!

«CLEVER-2022» VII облыстық олимпиадасы

«Дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру және оларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау» мақсатында өткізілген
«CLEVER-2022» VII облыстық олимпиадасында математика пәнінен 5 «Ә» сынып оқушысы Алпысбай Айерке «Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО I дәрежелі дипломымен марапатталды. (Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Ахметжанова Ж.К)

«Тарих тағылымы» атты аймақтық бейнероликтер конкурсы

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына» арналған «Тарих тағылымы» атты аймақтық бейнероликтер конкурсында 10 «А»- сынып оқушысы Тілеубек Аягөз ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

«Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі

14 қазан күні Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті.
Жалпы байқауға өңірден 80 оқушы қатысты. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Аудандық кезеңнен облыстық кезеңге жолдама алған екі оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушысы Алпысбаева Айерке 2 орын (жетекшісі Исакова Акдидар Самиевна), 10-сынып оқушысы Тұрсын Жансая 2 орынды иеленіп (жетекшісі Кадирберлина Асель Алдаберлиевна) жүлдегерлер қатарынан болды.

Ахмет Байтұрынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш оқуларының» республикалық кезеңі

Ахмет Байтұрынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш оқуларының» республикалық кезеңінде 10 А сыныбының оқушысы Несіпбекова Гүлім Нұрланқызы І дәрежелі дипломға ие болып, «Білім өркениеті» орталығы атынан төсбелгімен марапатталды. (Жетекшісі Оркен Құдайберген Оркенұлы). Байқауға ұсынған жұмысы конференция жинағына жарияланды.