Мектеп ұстаздары облыстық телеарна төрінде жеңіске қол жеткізді!
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «SARYARQA» телеарнасында бүгін «Ойөріс» зияткерлік телеойыны өтті.
Бұл ойынға Бұқар жырау ауданының «Үштөбе ТМ (РО)» КММ-нен «Алаш» тобы қатысты. Топ құрамында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оркен Құдайберген Оркенұлы мен Абдуллин Нұрлан Абаевич, тарих пәні мұғалімі Мұрат Бекежан Бекболатұлы білім сайысына түсті. «Алаш» тобының қарсыласы «Барыс» атты Жаңаарқа ауданының құрама командасы болды. «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным» бөлімдері бойынша «Алаш» тобы жалпы есепте 400 ұпай жинақтап, тартысты додада топ жарды. Сайыстың міндеттері : Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің жетістіктерін паш ету, тарихи тұлғаларымызды ұлықтау, бұл күнде ұмыт бола бастаған көнерген сөздерді қайта жаңғырту, жастардың патриотизмін арттыру.
«Алаш» командасы жеңімпаз ретінде дипломмен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Опубликовано 10 марта, 2022 Лаура Сейсембаева