Конференция Lesson Study процесі туралы бейнежазбамен өте әсерлі басталып, «Lesson Study» тәсілін ұтымды жүргізуде рефлексиялық кері байланыспен өте әдемі аяқталды. Конференция барысында НЗМ шеберлік сабақтары ұсынылып,талқылау алаңында ПШО тренерлері-модератолар ұйымдастыруымен өз тәжірбиемізді зерттеу арқылы Lesson Study- тәжірбиеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді тәсілі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Кеңес беру мен пікір алаңында облыс көлемінде іріктеліп алынған 4 мектеп ішінен «Үштөбе тірек мектебі (РО) КММ атынан зерттеуші-педагогтар Сейдигазимова Г.О, Кусаинова Ж.Ш,Шаймерденова Г.Е.сарапшы Сейсембаева Л.М, модераторлар Сүйінбек Ж.А, Муканова А.Е. Lesson Study-сабақтағы зерттеу-мектепті жақсартудың тиімді құралы ретінде Lesson Study тәсілін мектептерде тәжірбиеде қолдану жолдары мен ерекшеліктері жайлы пікір алмасуда өз бейнесюжеттерін ұсынып, талқылау барысында аса жоғары белсенділікпен атсалысты. Аймақтық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға педагог-зерттеуші Нұрмагамбетова Қ.Ы. «Lesson Study-мұғалімдердің кәсіби дамуының формасы» тақырыбында өз мақаласын ұсынып, облыс көлемінде жинаққа енгізілді.