Архив для Февраль, 2023

«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдарды» талдау

2023 жылдың 10 қаңтарында  өткен ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында (хаттама 4.1)  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Білім алушылардың білім

 жетістіктері мониторингіге қатысқан  орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдар (Қарағанды облысы)  талқыланды.   Мектеп педагогтері мен мектеп әкімшілігіне   өңір бойынша   ББЖМ  4-сынып, 9-сынып нәтижелері ( оқыту тілі бойынша ең жоғары және ең төменгі нәтижелер  бөлінісі, тапсырманың қиындық деңгейі бойынша жетістіктер) оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша ақпараттар таныстырылды. Сол сияқты, оқу мақсаттарына сәйкес оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша ББЖМ тапсырмаларының  тақырыптары туралы мәлімет берілді.

Мектепішілік бақылау жоспары