Архив рубрики ‘Жизнь школы’

Мектепішілік бақылау жоспары

«Өз құқығыңды білесің бе?»

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында құқық дегеніміз не? Баланың негізгі құқықтары, бостандық ұғымы, сонымен қатар оқушы міндеттерін қамтитын сұрақтар қарастырылды. Маңызды мәселелердің бірі болып табылатын жол ережесін білу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, оның туындау себептері жайында құрастырылған сауалдарға оқушылардың басым көпшілігі дұрыс жауап берді. Білмейтін сұрақтарына жауап алды. Құқық пен міндеттің аражігін ажыратып, өз құқықтарын қорғаумен қатар міндеттерін де біліп жүрудің маңыздылығы айшықталды.

Reаdx байқауы

Бүгін мектепте кітап оқуды ұнататын белсенді оқушылар арасында Reаdx байқауы ұйымдастырылды. Іс шараға Амангелді ЖОББ мектебінен 3 оқушы қатысты.Байқаудың ережесіне сай оқушылар өздері оқыған кітабын мазмұндап, оқырмандарға ұсынады. Үздік кітап пен жарыстың жеңімпазы көрермендердің дауысымен анықталды. Көп дауыс жинап, жеңіске жеткен оқушы — 11 сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім. Озық ойымен, сөйлеу мәнерімен көзге түскен оқушыларға алғыс хат берілді.

Мектеп парламенттерінің кездесуі

Бүгін мектепте оқу сессия жоспары бойынша магниттік мектептердегі мектеп парламенті ұйымының биылғы оқу жылындағы алғашқы кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Заречный ЖОББМ және Амангелді ЖОББМ мектептерінен парламент президенттері мен фракция жетекшілері келді. Балалар екі айда атқарған жұмыстарын көрсетіп өзара тәжірибе алмасты. Оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнап, етене араласып кетуі үшін қызықты тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар бір біріне жақсы тілектерін білдіріп, ән айтып, би билеп көңіл көтерді. Іс шара соңында мектеп президенттері кері байланысқа шығып, кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Әр мектептен жиналған белсенді оқушылар алдағы уақытқа бірлесіп атқаруға болатын іс шараларды жоспарлап, идеяларымен бөлісті.

«Күзгі fresh»

14 қазан күні мектепте «Күзгі fresh» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында квн сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көп алдында сөйлеу, актерлік шеберлік т.б қасиеттерін дамытып, өздерін жаңа қырынан аша білді. Үздік ойын көрсеткен сыныптар марапатталып, іс-шара би кешімен аяқталды.

Жақсы жаңалық!

14 қазан Үштөбе тірек мектебі Бұқар жырау ауданында ұйымдастырылған мектеп оқушылары, педагогтары және ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуенге 3 бағыт бойынша қатысып, белсенділік көрсетті. Бірінші бағыт бойынша «Адал ұрпақ» тақырыбында көрмеге материалдар дайындап, ұйымдастырушылардың ризашылығына бөленіп, алғыс хатқа ие болдық. Екінші бағыт квн сайысына 9 «А» сынып оқушыларынан құралған «Голивуд» квн командасы сынып жетекшісі Оркен Құдайберген Оркенұлының жетекшілігімен 5 минуттық әдемі ойын дайындады. Оқушылар салмақты тақырыпты әдемі әзілмен көркем түрде жеткізе білді. 12 команда арасынан топ жарып І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Темекі-ғасыр дерті!

5 -11 сыныптарда «Темекі – ғасыр дерті»атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым — біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Сабақтарда адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат — темекі туралы салмақты ой қозғалды. Сонымен оқушылар өз ойларын толықтай жеткізе алды. Адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады деген пікірлер айтылды. Зиянды заттардан аулақ болайық.

Дублер күні!

30 қыркүйек күні әдемі мерекелердің бірі Мұғалімдер күніне мектеп парламенті және 11 сынып оқушылары ерекше дайындалды. Таңертең дәлізде сүйікті ұстаздарын қошеметпен қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп құттықтады. Мұқият дайындалып, үлкен жауапкершілікпен ұстаздарының орнына сабақ берді.
Оқушылар әрі сынып жетекші, әрі пән мұғалімдері болып бөлініп, мұғалім жұмысының жауапкершілігін бір күн болса да өз бойларынан өткізді.

«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Сондықтан 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай оқушылар мектепке ата-әжелерін шақырып, әдемі мереке ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Сондай -ақ немерелері әжелеріне жылы тілектер жазылған әдемі ашық хаттар сыйлады. Әжелеріміз риза болып, ақ тілектерін білдіріп, шашу шашты. Немере мен ата-әжені біріктірген әдемі іс-шара болды.

«Бақытты отбасы» — баланың ойымен!

«Бақытты отбасы» — баланың ойымен! Бүгін, парламент ұйымымен «Бақытты отбасы» тақырыбында ой бөлістік. Оқушылар отбасындағы өзінің, ата-ананың рөлін айтып, отбасының бақытты, берекелі болуы үшін қажетті ережелерді талқыладық. Іс-шара соңында балалар ата-аналарына хабарласып, жақсы көретіндерін айтып, өз сезімдерін жеткізді. Толқыған балалар, қуанған ата-аналардың сезімдері тоғысып сондай бір әсерлі уақыт өткіздік. Жақынымыздан жылы сөзімізді аямайық! https://www.instagram.com/tv/Cib2RVMjTur/?igshid=YmMyMTA2M2Y=