Көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы

Сәуір айының 13 күні «Оқуға құштар мектеп аясында» Үштөбе мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы өтті. Мақсат: Ғ. Мүсірепов шығармаларымен таныстыру, жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, ананы құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан слайд және «Ананың анасы» әңгімесінен қойылым көрсетілді. Кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған «Қызқарағай» әні Қазақстанның халық әртісі Б.Төлегеновнаның орындауында бейнебаяннан тыңдалды.
Оқушылар мен мұғалімдер Ғабит шығармалары туралы өз ойларын ортаға салып, пікірталасты. Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов шығармаларынан кітап көрмесі дайындалып оқуға ұсынылды.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий