Архив для Ноябрь, 2022

«Ата-ана-оқушы-мұғалім»

Қазіргі кездегі мектепте кездесіп жатқан мәселелердің -( білім сапасы, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, тәртіптің нашарлауы) көпшілігі- мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың нашарлауы себеп болып жатыр. Себебі ата-ана мен мұғалім — бала тәрбиесіне жауап беретін негізгі тұлғалар. Егер ата- ана үйде баласына мұғалімді тыңда, сыйла деп, мұғалім мектепте оқушыға ата-анаңды құрметте деп отырса, беріліп жатқан тәрбие баланың бойына сіңімді болады. Себебі мәселенің өзегі осы екі жақтың көзқарасының қарама қайшылығында болып жатады. Әйтпесе айтылатын ақыл, берілетін білімнің мөлшері азайып не көбейіп жатқаны жоқ. Осы мәселені шешу мақсатында биылғы оқу жылында ата-анамен байланысты нығайту бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Ұйымдастырылған іс-шаралардан қалмай қатысып жатқан баласының болашағына бей-жай қарамайтын аналар мен әкелерге алғыс айтамыз.

“Телефон алаяқтары, не істеу керек?”

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі аясында 7 сынып оқушыларымен “Телефон алаяқтары, не істеу керек?” тақырыбынды тәрбие сағаты өткізілді. Қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан алаяқтардың арбауына алданбай, кибербуллингтің құрсауына түсіп қалмай өз құқықтарын қорғаудың жолдары айтылды.

«Өз құқығыңды білесің бе?»

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында құқық дегеніміз не? Баланың негізгі құқықтары, бостандық ұғымы, сонымен қатар оқушы міндеттерін қамтитын сұрақтар қарастырылды. Маңызды мәселелердің бірі болып табылатын жол ережесін білу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, оның туындау себептері жайында құрастырылған сауалдарға оқушылардың басым көпшілігі дұрыс жауап берді. Білмейтін сұрақтарына жауап алды. Құқық пен міндеттің аражігін ажыратып, өз құқықтарын қорғаумен қатар міндеттерін де біліп жүрудің маңыздылығы айшықталды.

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»

Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдері толықтырылып,көшеде дұрыс жүріп- тұру, жол ережелері түсіндірілді.

Армандар орындалады!

2 қарашада Үштөбе тірек мектебінде киностудия жетекшісі Нұрлан Аманжолұлы және мектеп парламенті ұйымы бірлесіп Қарағанды қаласындағы»Әсем» балалар үйіне барып, әдемі іс-шара өткізді. Бағдарлама негізінен қамқорлыққа бағытталды. Қамқорлық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Ата-анасының жылуынан айырылып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қамқорлық көрсету арқылы оқушылардың бойында осы асыл қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шара болды. Бағдарлама бойынша 7-11 сынып оқушыларына «Армандар орындалады» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында балалар арман-мақсаттарын айқындап, өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін жұмылдыру арқылы келешекте қоғамда өзгелерге қолқанат болатындай азамат пен азаматша болу үшін «не істеу қажетпіз?»- деген сұрақтарға жауап іздедік. Трендтегі мамандықтардың бірі -мобилографияның қыр-сыры түсіндіріліп, фото-видеоға түсіру арқылы табыс табудың жолдары айтылды. Сондай-ақ 9-11 сынып оқушыларына дұрыс мамандық таңдаудың жолдарын көрсететін кітап сыйлыққа берілді. 1-6 сынып оқушыларымен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Іс -шара соңында @courage.showkrg ұйымы келіп көңілді бағдарлама арқылы балалардың көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар @gosushi_karagandy балаларға дәмді түскі ас әзірледі. Балалар бір марқайып қалды.
@dd_asem
@courage.showkrg
@gosushi_karagandy
@maghan_berikuly

Нашақорлық пен темекінің зияны

27 қараша Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағыҚарағанды академиясының докторантураның 3-ші курс оқытушысы Аскар Бектурсынович Ахмадиев жоғарғы сынып оқушыларымен нашақорлық пен темекінің зияны жайлы әңгіме жүргізді. Жалпы есірткінің қоғамдағы зияны, зардаптары түсіндіріліп, заң жүзінде қандай жазаларға тартылатыны баяндалды.
27 октября в нашей школе прошла встреча докторантом 3 курса факультета послевузовского образования Карагандинской академии им.Б.Бейсенова МВД РК на тему вред никотина, электронных сигарет и наркотиков. Также были оговорены виды наказания при упортеблении или обноружении наркотических веществ. На встрече присутствовали учащиея 8,9,10 классов.

“Әжем айтқан ертегі”

Балалар жылы аясында балаларға отбасы құндылығын түсіндіріп, әже мен немере арасындағы әдемі байланысты айшықтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында “Әжем айтқан ертегі” байқауы өткізілді. Балалар әжелерінен естіген ертегілерін баяндап, ой -өрісін кеңейтті. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.

Reаdx байқауы

Бүгін мектепте кітап оқуды ұнататын белсенді оқушылар арасында Reаdx байқауы ұйымдастырылды. Іс шараға Амангелді ЖОББ мектебінен 3 оқушы қатысты.Байқаудың ережесіне сай оқушылар өздері оқыған кітабын мазмұндап, оқырмандарға ұсынады. Үздік кітап пен жарыстың жеңімпазы көрермендердің дауысымен анықталды. Көп дауыс жинап, жеңіске жеткен оқушы — 11 сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім. Озық ойымен, сөйлеу мәнерімен көзге түскен оқушыларға алғыс хат берілді.

Мектеп парламенттерінің кездесуі

Бүгін мектепте оқу сессия жоспары бойынша магниттік мектептердегі мектеп парламенті ұйымының биылғы оқу жылындағы алғашқы кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Заречный ЖОББМ және Амангелді ЖОББМ мектептерінен парламент президенттері мен фракция жетекшілері келді. Балалар екі айда атқарған жұмыстарын көрсетіп өзара тәжірибе алмасты. Оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнап, етене араласып кетуі үшін қызықты тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар бір біріне жақсы тілектерін білдіріп, ән айтып, би билеп көңіл көтерді. Іс шара соңында мектеп президенттері кері байланысқа шығып, кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Әр мектептен жиналған белсенді оқушылар алдағы уақытқа бірлесіп атқаруға болатын іс шараларды жоспарлап, идеяларымен бөлісті.

«Күзгі fresh»

14 қазан күні мектепте «Күзгі fresh» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында квн сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көп алдында сөйлеу, актерлік шеберлік т.б қасиеттерін дамытып, өздерін жаңа қырынан аша білді. Үздік ойын көрсеткен сыныптар марапатталып, іс-шара би кешімен аяқталды.