2 қарашада Үштөбе тірек мектебінде киностудия жетекшісі Нұрлан Аманжолұлы және мектеп парламенті ұйымы бірлесіп Қарағанды қаласындағы»Әсем» балалар үйіне барып, әдемі іс-шара өткізді. Бағдарлама негізінен қамқорлыққа бағытталды. Қамқорлық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Ата-анасының жылуынан айырылып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қамқорлық көрсету арқылы оқушылардың бойында осы асыл қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шара болды. Бағдарлама бойынша 7-11 сынып оқушыларына «Армандар орындалады» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында балалар арман-мақсаттарын айқындап, өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін жұмылдыру арқылы келешекте қоғамда өзгелерге қолқанат болатындай азамат пен азаматша болу үшін «не істеу қажетпіз?»- деген сұрақтарға жауап іздедік. Трендтегі мамандықтардың бірі -мобилографияның қыр-сыры түсіндіріліп, фото-видеоға түсіру арқылы табыс табудың жолдары айтылды. Сондай-ақ 9-11 сынып оқушыларына дұрыс мамандық таңдаудың жолдарын көрсететін кітап сыйлыққа берілді. 1-6 сынып оқушыларымен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Іс -шара соңында @courage.showkrg ұйымы келіп көңілді бағдарлама арқылы балалардың көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар @gosushi_karagandy балаларға дәмді түскі ас әзірледі. Балалар бір марқайып қалды.
@dd_asem
@courage.showkrg
@gosushi_karagandy
@maghan_berikuly
Опубликовано 29 ноября, 2022 Лаура Сейсембаева
Армандар орындалады!
Рубрики Новости