Ахмет Байтұрынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш оқуларының» республикалық кезеңі
Ахмет Байтұрынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш оқуларының» республикалық кезеңінде 10 А сыныбының оқушысы Несіпбекова Гүлім Нұрланқызы І дәрежелі дипломға ие болып, «Білім өркениеті» орталығы атынан төсбелгімен марапатталды. (Жетекшісі Оркен Құдайберген Оркенұлы). Байқауға ұсынған жұмысы конференция жинағына жарияланды.
Игровой урок скорочтения
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-6-сыныптар аралығында жылдам оқу әдістерін пайдалану арқылы ойын сабақ мектебіміздің «Абай залында» өтті. Жылдам оқу үшін не керек? Бұл қабілет күнделікті оқығанымызға қарағанда тез оқу дегенді білдірмейді. Жылдам оқу – оқығанды түсініп, есте сақтау. Оны үйрену үшін, ең алдымен, миды дамыту қажет. Сонда жылдам оқып қана қоймай, күнделікті өмірде, кез келген мәселенің шешімін тауып, тез ойлануды үйретуге бағытталған. Мидың дамуына әсер ететін келесі әдіс — саусақтарды жаттықтыру. Осы жаттығулардың барлығы оқушыларды қызықтырып, оқушылар белсенділіктерін көрсетті. Пән мұғалімдері: Кусаинова Ж.Ш, Исакова А.С., Мукушева А.С.
В рамках проекта «Читающая школа» 29 апреля в нашей школе в «Зале Абая» среди 5-6 классов был проведен игровой урок с использованием методов скорочтения. Целью скорочтения является вычленение важной информации, ее систематизация, классификация и запоминание. Быстрое чтение незаменимо в процессе учебы и работы с большими объемами текста. Скорочтение – понимание и запоминание прочитанного. Данное мероприятие было направлено не только на скорочтение, но и на применение данного метода в повседневной жизни, чтобы ребята могли найти решение любой проблемы и научиться быстрому мышлению. Все приняли активное участие в мероприятии. Организовали мероприятие учителя казахского языка и литературы: Кусаинова Ж.Ш., Исакова А.С., Мукушева А.С.
«Бұқарекең жырлайды» байқауы
Ағымдағы жылдың 14-сәуірінде XV дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» байқауының аудандық кезеңі өтті. Аталған байқауға мектебімізден оқушыларымыз бен ұстаздарымыз қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша 9 «ә» сыныбының оқушысы Тұрсын Жансая жүлделі ІІ орынды (жетекшісі Кадырберлина А.А) , 6 «ә» сыныбының оқушысы Сембин Нұрсұлтан жүлделі ІІ орынды иеленіп (жетекшісі Абдуллин Н.А) 35 000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. «Бұқар жырлары» номинациясы бойынша мектебіміздің ұстазы Әлия Джандуллаевна алғыс хатпен марапатталды. «Бұқар жырауша» номинациясы бойынша мектебіміздің мұғалімі Оркен Құдайберген Оркенұлы облыстық кезеңге жолдама алды.
«Сүйікті әдеби кейіпкер» эссе байқауы
Сәуірдің 18- 29-ы аралығында «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сүйікті әдеби кейіпкер» эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің оқу мәдениетін, шығармашылығын, қиялын дамыту. Эссе байқауына кітап оқуды жақсы көретін белсенді оқырмандарымыз қатысты. Ағылшын тіліндегі байқаудың қорытындысы:
- Жұмаділдин Санжар, 8Б -сынып оқушысы – І орын;
- АмироваАида, 5Ә- сынып оқушысы – ІІ орын;
- Джамалиева Жанель, 6Ә- сынып оқушысы– ІІІ орын;
Орыс тіліндегі қорытындысы:
- Жансагимова Даяна, 7- сынып оқушысы – І орын, ;
- Магрип Кәусар, 7-сынып оқушысы– ІІ орын, Исаченко Валерия – 5Б сынып оқушысы, ІІ орын;
- Ақниет Изатова, 7 сынып оқушысы – ІІІ орын, Алишер Салкенов, 6Б- сынып оқушысы – ІІІ орын.
Құттықтаймыз!
С 18 апреля по 29 апреля в КГУ «Уштобинская ОШ (РЦ)» в рамках проекта «Читающая школа» прошел конкурс эссе «Любимый литературный герой». Целью конкурса было продвижение книги и чтения, развитие у детей и подростков читательской культуры, воображения, творческих способностей и фантазии. В конкурсе сочинений приняли участие наши активные читатели, которые любят читать. Итоги конкурса по английскому языку :
Амирова Айда ученица 5Ә класса – ІІ место;
Джамалиева Жанель ученица 6Ә класса – ІІІ место;
Жумадильдин Санжар ученик 8Б класса –І место;
Итоги конкурса по русскому языку:
Жансагимова Даяна ученица 7Ә класса –І место, ;
Магрып Кәусар ученица 7Ә класса –ІІ место, Исаченко Валерия –5Б класса ІІ место ученица;
Изатова Акниет ученица 7Ә класса –ІІІ место, Салкенов Алишер ученик 6Б класса – ІІІ место.
Поздравляем!
«Мен-экологпын» атты зияткелік сайысы
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің «Экология және бағалау» кафедрасы 9-11 сынып оқушыларының арасында «Мен-экологпын» атты зияткелік сайысын өткізді.Сайыс мақсаты: Креативті ойшыл экологиялық білім негізі бар оқушыларды қамту. Мектебімізден 10 «А» сынып оқушылары: Жуматова Амина,Таймасова Аружан, Мұратбекова Нұрасем «Amarant» тобы мен 9 «Б» сынып оқушылары:Махамбетов Тамирлан, Кабыкеев Алиль,8 «Б» сынып оқушысы Жұмадильдин Санжар «Супергерой» командалары қатысты. Командалар 3 кезеңнен тұрған сайыста, өздерін креативті ойшыл экологиялық білім негізі бар оқушылар екенін көрсете білді. «Amarant» командасы жүлделі 1орынды женіп алды, ал«Супергерой» командасы «Креативті команда» номинациясында аталып өтті. Жетекшісі: Нурмагамбетова Камар Ынтымаковна.
28 апреля 2022 года факультет экономики, управления и предпринимательства Карагандинского университета Казпотребсоюза провел интеллектуальный конкурс «Я — эколог» среди учащихся 9-11 классов. Цель конкурса: развитие экологического образования, привлечение внимания обучающихся к проблемам сохранения окружающей среды, воспитание бережного отношения к природе и повышение уровня экологической культуры детей и молодежи. Участвовали 2 команды нашей школы. Это команда «Аmarant» из учащихся 10 А класса: Жуматова Амина, Таймасова Аружан, Муратбекова Нурасем и команда «Супергерой» из учащихся 9Б и 8Б класса: Махамбетов Тамирлан, Кабыкеев Адиль, Жумадильдин Санжар. Конкурс состоял из 3-х этапов. Команды смогли показать, что они учащиеся с творческим креативным мышлением и продемонстрировали отличные знания по экологии. Команда «Аmarant» заняла 1 место, а команда «Супергерой» была отмечена в номинации «Креативная команда». Руководитель: Нурмагамбетова Камар Ынтымаковна.
2022 жылдың 23 сәуірінде Шет ауданында 7-8 сынып оқушылар арасында физика пәнінен теxника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары ғылым мектебі академиясының академигі Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев атындағы облыстық олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға мектебімізден 7 «Ә»-сынып оқушысы Жанат Айбек қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
23 апреля 2022 года в Шетском районе Карагандинской области состоялась областная олимпиада имени Акылбаева Жамбыла Саулебековича, доктора технических наук, профессора, академика Академии Международной высшей школы физики среди учащихся 7-8 классов. В данной олимпиаде принял участие ученик нашей школы Жанат Айбек, учащийся 7 «Ә» класса, который был награжден дипломом III степени.
Мектепішілік ғылыми жобалар байқауының қорытындысы
«Үштөбе тірек мектебі(РО)» КММ-де 2022 жылдың 14-15 сәуір аралығында 2-11 сынып оқушыларының арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында 15 оқушы, 5-7 сынып оқушылары арасында 13 оқушы, 8-11 сынып оқушылары арасында 12 оқушы жүлдегер атанып, осы байқаудың ауданық кезеңіне жолдама алды. Жас зерттеушілерген сәттілік тілейміз!
14- 15 апреля в КГУ «Уштобинская ОШ (РЦ)» прошел школьный тур Республиканского конкурса защиты исследовательских проектов. Итоги конкурса: среди учащихся 2-4 классов победителями стали 15 учащихся, 5-7 классов — 13 учащихся, 8-11 классов — 12 учащихся. Все они будут участвовать в районном туре конкурса защиты исследовательских проектов. Юным исследователям желаем удачи!
Қауіпсіз интернет
4 сәуір – Халықаралық интернет күніне байланысты Үштөбе тірек мектебінде «Қауіпсіз интернет» компаниясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет- қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Іс- шара барысында информатика пәні мұғалімі Макашев Е.С. 6,7 сынып оқушыларына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында баяндама оқылып, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік жайлы мағлұматтар айтылды. 7 сынып оқушылары Мажитов Нұрсұлтан «Интернеттегі байланыс қауіпсіздігі», Мағрып Кәусар «Интернетте балалардың қауіпсіздігі» тақырыптарында рефераттар қорғады. Сынып жетекшілер «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы
2022 жылдың 15 сәуірінде «Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де оқушылар арасында мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті. Мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету. Ғылыми-практикалық конференцияның ашылуын мектеп директоры С.Ж. Артыкбаеваның құттықтау сөзімен басталды. 2021-2022 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары туралы ақпартты берді. Оқушылардың ізденіске деген арттыру үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өркенұлы Құдайберген Сұлтамахмұт Торайғыровтың «Оқу» өлеңінен үзінді оқыды. Ұйымдастырушылар оқушыларға сәттілік тілеп, арнайы бөлінген кабинеттерге өтті.
15 марта 2022 г. среди учащихся 5-11-х классов прошло открытие научной конференции, посвящённой Дню науки. Цель мероприятия: научно-исследовательская мотивация деятельности учащихся, отбор и поддержка наиболее талантливых и одаренных детей. Открытие дня науки началось с поздравительного выступления директора школы С.Ж. Артыкбаевой. Продолжилось мероприятие с информацией о победителях районных и областных этапов Республиканского конкурса научно-исследовательских проектов по общеобразовательным предметам за 2021-2022 учебный год. Для мотивации детей были прочтены строки учителем казахского языка Өркен Кудайберген из стихотворения Султанмамута Торайгырова «Оқу». Затем пожелав удачи, учащиеся прошли в кабинеты для защиты научных проектов.
Мектепішілік ғылыми-практикалық конференциясы (Бастауыш сыныптар)
«Үштөбе тірек мектебі(РО) КММ -нің бастауыш сынып оқушылар арасында ғылыми жоба өтілді.
Жоба мақсаты:Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға
қолдау көрсету.Оқушылардың шығармашылық жобалары 7 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі өлкетану,экология,математика, биология, медицина тақырыбын қамтиды.Оқушылар жетекші мұғалімдерімен бірге зерттеп жүрген тақырыптарын қорғап жақсы нәтиже көрсетті.