Конкурс рисунков «В гостях у сказки»
В КГУ «Уштобинская ОШ (РЦ)» был проведен конкурс рисунков «В гостях у сказки» в рамках республиканского проекта «Читающая школа». Цель конкурса: способствовать развитию творчества и художественного воображения детей, поддержке талантливых и одаренных детей. Конкурс проходил с 4 апреля по 13 апреля 2022 года.
В нем приняли активное участие учащиеся 1- 6 классов. К данному конкурсу дети отнеслись творчески. Они нарисовали с помощью красок, карандашей,
фломастеров очень яркие и красочные рисунки к русским и зарубежным сказкам. Дети в своих работах отобразили свои знания о прочитанных сказках. Лучшие работы были награждены грамотами.
Хормен және қимыл-қозғалыс жасай отыра оқытуы
» Үштөбе тірек мектебі (РО)»КММ-нің бастауыш сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында түрлі оқу түрлерін пайдалану арқылы ертегі,әңгіме, өлеңдер,т.б шығармалар оқыды. 2 «А» сынып оқушылары Мұзафар Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңін қимыл-қозғалыс жасай отыра хормен оқып шықты. Хормен және қимыл-қозғалыс жасай отыра оқытудың мақсаты- алдымен оқушыларды оқуға қызықтыру, зейінін тұрақтандыру. Хормен оқу оқушылардың еркін сөйлеуін , өзіне деген сенімділігін және ынтасын арттыруға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс арқылы оқу оқушылардың көңілінен шықты. Өлеңді ерекше ынтамен, қызығушылықпен оқып шықты. Алдағы уақытта да шығармаларды оқуда оқудың түрлі әдістерін қолдану жоспарда бар.
Көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы
Сәуір айының 13 күні «Оқуға құштар мектеп аясында» Үштөбе мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы өтті. Мақсат: Ғ. Мүсірепов шығармаларымен таныстыру, жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, ананы құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан слайд және «Ананың анасы» әңгімесінен қойылым көрсетілді. Кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған «Қызқарағай» әні Қазақстанның халық әртісі Б.Төлегеновнаның орындауында бейнебаяннан тыңдалды.
Оқушылар мен мұғалімдер Ғабит шығармалары туралы өз ойларын ортаға салып, пікірталасты. Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов шығармаларынан кітап көрмесі дайындалып оқуға ұсынылды.
Дебат ойыны
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Парасат» дебат клубы «Букмекерлік кеңселер жұмысына тыйым салу» резолюциясында дебат ойыны жүргізілді. Ойынның мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, сөздік қорды байыту. Ойынға 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Дебат ойыны өте тартысты және қызықты өтті. Өткізген тарих пәнінің мұғалімдері: Мұрат Б.Б., Тілеубай М.Т.
Мәтінді хормен оқу
«Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ-нің 1 сынып оқушылары «ОҚЫРМАН ҒАСЫРЫ» жобасы бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» мәтінін хормен оқып шықты. Оқылым түрі хормен оқудың жай оқудан өзіндік маңызы бар екенін білеміз. Оқылымның түрі хормен оқитын, «Оқырман» мәтіннің құрылымы мен маңызына тез бойлап, оның мағыналық бөліктерін пайымдап, салыстыра алады. Хормен оқудағы негізгі мақсаты- ақыл – ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8-сынып оқушылар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейтіп, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге және астарлы сөйлеуге тәрбиелеу және жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткізілген сайыс бірнеше кезеңнен өтті. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шыңдайды. Төрт кезеңнен тұратын «Мақал-мәтелдерді аяқта» , «Жұмбақтың жауабын тап», «Сөз құра» сияқты кезеңдерден тұратын ойын қызықты тартыспен жүргізілді.
«Кім тапқыр» ойын сайысы
«Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» аясында сәуір айының 7 күні Абай атындағы оқу орталығында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында 3 сынып оқушыларымен «Кім тапқыр» ойын сайысы өтті. Топқа бөлінген оқушылар ретсіз, шашылған сөйлемдерден таңдап алған ертегісі бойынша тақырып құрастырды. Сайысқа белсене қатысқан оқушылар өздерінің алғыр, тапқыр, ойшыл екендіктерін көрсетті.
Юбилейное мероприятие, посвященное 140 летию классика детской литературы К.И.Чуковского
Традиционно учителя русского языка и литературы и английского языка провели юбилейное мероприятие, посвященное 140-летию классика детской литературы К.И.Чуковского.
Был осуществлён целый комплекс праздничных мероприятий: ведущая познакомила с творчеством писателя,ребята инсценировали фрагменты произведений , читали наизусть стихотворения, провели викторину «Волшебный ящик» по произведениям К.Чуковского. Ребята познакомились с книжной выставкой автора,просмотрели нарезку из мультфильмов по произведениям Корнея Ивановича.В завершении за активное участие в мероприятии учащиеся были награждены грамотами. Вот так весело, ярко и поучительно прошло мероприятие , посвященное любимому писателю детей.
2022-2023 оқу жылына 1 — сыныпқа құжаттарды қабылдау
Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 11 «А»- сынып оқушысы Сигбатуллина Зарина және 9 «Ә» — сынып оқушысы Артықбай Еңлік І дәрежелі дипломдармен марапатталды. (Ағылшын пәнінің мұғалімдері Жанузаков Н.Б., Штенбреннер А.С.)