Адалдық сағаты!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 7 сынып оқушыларымен адалдық сағаты өткізілді. Оқушылармен «жемқорлық» сөзінің мағынасы, оның зияны мен алдын алу жолдары талқыланып, тақырып аясында ой өрбіттік.
Тәрбие тәртіптен басталады!
Тәрбие – тәртіптен басталады. Ал тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Сондықтан балалардың білімді де тәрбиелі болуының негізі – тәртіп. Оқушылардың тәртібін түзеп, әрт-түрлі келеңсіздік пен түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында бүгін Бұқар-жырау ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Нурсултан Сейфуллаевич Сейдигалимов қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Заң және оны сақтаудың қажеттілігі» тақырыбында Оқушылар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, мектептегі жүріс-тұрысы мен міндеттері жайлы ақпаратпен танысып, сұрақтарына тұщымды жауап алды.
День знаний
01 сентября 2022 года среди учащихся 1-11 классов КГУ «Уштобинская ОШ (РЦ)» прошел республиканский классный час на тему «Образованная нация: стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм» Цель данного мероприятия- воспитание чувства патриотизма и любви к Отечеству. Способствовать формированию у учащихся мотивации к учебе в новом учебном году.
Білім күні!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, сондықтан биылғы оқу жылында балалардың дамуы мен қауіпсіздігіне ерекше мән берілетіні белгілі. Бала дамитын бірден бір жер-мектеп болғандықтан, біз де жолдауға сай өз жұмысымызды бастап кеттік.
1-11 сыныптарында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әр түрлі формада өткізілген тәрбие сағаттарында жоғары сыныптың оқушылары таңдап алған мамандықтарының қыр-сырын ашып, әңгімелесе, бастауыш сынып оқушылары «кім болғысы» келетіндері жайлы сөз қозғады. Балаларымыз білімді бойларына сіңіріп, болашақта Отанына аянбай еңбек етсе – егеменді еліміз өзге озық елдермен терезесі тең түсіп, абыройы үстем болары анық. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалаған ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, зор шыдамдылық тілейміз!
Күзгі мектеп аясында
Күзгі мектеп аясында Қарағанды облысының білім басқармасы математика, физика және информатика пәндерінен мұғалімдер арасында ашық республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді. Аталған облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдерінен жеңімпаз атанған математика пәнінен 39, физика пәнінен 27, информатика пәнінен 36 мұғалім қатысты. «Үштөбе ТМ (РО)» КММ-нің математика пәні мұғалімі Шаймерденова Гульназира Ертаевна байқауда жүлделі ІІІ орын иеленді. Физика пәні мұғалімі Байжұма Ақбөпе Бауыржанқызы аудандық кезеңде байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
В рамках осенней школы управлением образования Карагандинской области проведен областной этап открытого республиканского конкурса среди учителей математики, физики и информатики. В данном областном конкурсе приняли участие 39 учителей математики, 27 учителей физики, 36 учителей информатики, которые стали победителями районного и городского этапов. Учитель математики КГУ «Уштобинская СШ (РЦ)» Шаймерденова Гульназира Ертаевна заняла ІІІ место в конкурсе. Учитель физики Байжума Акбопе Бауыржановна была награждена благодарственным письмом за активное участие в конкурсе на районном этапе.
Биология пәнінен аймақтық олимпиада
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ұйымдастырумен оқушылары арасында биология пәнінен өткізілген аймақтық олимпиадада 10 «А»- сынып оқушысы Тұрсынхан Торғын ІІ орынға ие болды.(Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова К.Ы). Құттықтаймыз!
«CLEVER-2022» VII облыстық олимпиадасы
«Дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру және оларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау» мақсатында өткізілген
«CLEVER-2022» VII облыстық олимпиадасында математика пәнінен 5 «Ә» сынып оқушысы Алпысбай Айерке «Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО I дәрежелі дипломымен марапатталды. (Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Ахметжанова Ж.К)
«Тарих тағылымы» атты аймақтық бейнероликтер конкурсы
Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына» арналған «Тарих тағылымы» атты аймақтық бейнероликтер конкурсында 10 «А»- сынып оқушысы Тілеубек Аягөз ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі
14 қазан күні Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті.
Жалпы байқауға өңірден 80 оқушы қатысты. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Аудандық кезеңнен облыстық кезеңге жолдама алған екі оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушысы Алпысбаева Айерке 2 орын (жетекшісі Исакова Акдидар Самиевна), 10-сынып оқушысы Тұрсын Жансая 2 орынды иеленіп (жетекшісі Кадирберлина Асель Алдаберлиевна) жүлдегерлер қатарынан болды.
Летняя школа
В КГУ «Уштобинская ОШ (РЦ)» 26 мая 2022 года для учащихся 1-8 и 10 классов стартовала летняя школа, которая продлится до 17 июня. Учебой летом заняты ,по заявлению родителей ,учащиеся 1-4 классов — 90, 5 — 8 классов -98, 10 классов -15 . Летняя школа – это прекрасная возможность подтянуть свои знания, восполнить пробелы. Уроки проводятся в формате нестандартных занятий. Для удобства детей организован гибкий график учебы по основным дисциплинам, таким как математика, английский язык, физика и т.д. Учеба в летней школе не оценивается, а также нет домашних заданий. В школе созданы все условия для того, чтобы ребятам в это летнее время была максимально интересно и познавательно.
«Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де 26 мамырдан бастап 1-8 және 10 сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жазғы мектепте ата-аналардың өтініштері бойынша 1-4 сыныптарда-90, 5-8 сыныптарды -98, 10 сыныптан-15 оқушы оқиды. Жазғы мектеп – оқушыларлың білімін жетілдіріп, олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Жазғы мектепте барлық негізгі оқу пәндері қамтылып, тиімді сабақ кестесі құрылды. Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістігі бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді. Мектепте жазғы уақытта оқуды барынша қызықты әрі мазмұнды өткізу үшін барлық жағдай жасалған.