4 сәуір – Халықаралық интернет күніне байланысты Үштөбе тірек мектебінде «Қауіпсіз интернет» компаниясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет- қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Іс- шара барысында информатика пәні мұғалімі Макашев Е.С. 6,7 сынып оқушыларына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында баяндама оқылып, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік жайлы мағлұматтар айтылды. 7 сынып оқушылары Мажитов Нұрсұлтан «Интернеттегі байланыс қауіпсіздігі», Мағрып Кәусар «Интернетте балалардың қауіпсіздігі» тақырыптарында рефераттар қорғады. Сынып жетекшілер «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.