



«Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» аясында сәуір айының 7 күні Абай атындағы оқу орталығында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында 3 сынып оқушыларымен «Кім тапқыр» ойын сайысы өтті. Топқа бөлінген оқушылар ретсіз, шашылған сөйлемдерден таңдап алған ертегісі бойынша тақырып құрастырды. Сайысқа белсене қатысқан оқушылар өздерінің алғыр, тапқыр, ойшыл екендіктерін көрсетті.