Архив рубрики ‘Наши ученики’

Көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы

Сәуір айының 13 күні «Оқуға құштар мектеп аясында» Үштөбе мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, көркем сөздің шебері Ғ. Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов — ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында оқырмандар коференциясы өтті. Мақсат: Ғ. Мүсірепов шығармаларымен таныстыру, жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, ананы құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан слайд және «Ананың анасы» әңгімесінен қойылым көрсетілді. Кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған «Қызқарағай» әні Қазақстанның халық әртісі Б.Төлегеновнаның орындауында бейнебаяннан тыңдалды.
Оқушылар мен мұғалімдер Ғабит шығармалары туралы өз ойларын ортаға салып, пікірталасты. Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов шығармаларынан кітап көрмесі дайындалып оқуға ұсынылды.

Дебат ойыны

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Парасат» дебат клубы «Букмекерлік кеңселер жұмысына тыйым салу» резолюциясында дебат ойыны жүргізілді. Ойынның мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, сөздік қорды байыту. Ойынға 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Дебат ойыны өте тартысты және қызықты өтті. Өткізген тарих пәнінің мұғалімдері: Мұрат Б.Б., Тілеубай М.Т.

Мәтінді хормен оқу

«Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ-нің 1 сынып оқушылары «ОҚЫРМАН ҒАСЫРЫ» жобасы бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» мәтінін хормен оқып шықты. Оқылым түрі хормен оқудың жай оқудан өзіндік маңызы бар екенін білеміз. Оқылымның түрі хормен оқитын, «Оқырман» мәтіннің құрылымы мен маңызына тез бойлап, оның мағыналық бөліктерін пайымдап, салыстыра алады. Хормен оқудағы негізгі мақсаты- ақыл – ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8-сынып оқушылар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейтіп, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге және астарлы сөйлеуге тәрбиелеу және жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткізілген сайыс бірнеше кезеңнен өтті. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шыңдайды. Төрт кезеңнен тұратын «Мақал-мәтелдерді аяқта» , «Жұмбақтың жауабын тап», «Сөз құра» сияқты кезеңдерден тұратын ойын қызықты тартыспен жүргізілді.

Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 11 «А»- сынып оқушысы Сигбатуллина Зарина және 9 «Ә» — сынып оқушысы Артықбай Еңлік І дәрежелі дипломдармен марапатталды. (Ағылшын пәнінің мұғалімдері Жанузаков Н.Б., Штенбреннер А.С.)

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Университінде информатика және бағдарлама жүргізілген аймақтық олимпиада

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Университінде информатика және бағдарлама жүргізілген аймақтық олимпиадада 11 «А»- сынып оқушысы Сибгатуллина Зарина және 10 «Б» — сынып оқушысы Мукушев Темирлан ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. (Информатика пәнінің мұғалімдері Макашев Е.С., Сейсембаева Л.М.)

Л.Бәйішқызы атындағы облыстық пән олимпиадасы

«Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Л.Бәйішқызы атындағы облыстық пән олимпиадасында 9 «Ә»-сынып оқушысы Тұрсын Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Кадирберлина А.А.)

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін Республикалық ғылыми жобалар байқауы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде физика секциясы бойынша 10 «А» -сынып оқушысы Муратбекова Нурасем ІІ дәрежелі дипломмен, 8 «Ә»- сынып оқушысы Серғазы Саян ІІІ дәрежелі дипломмен және «Жер және ғарыш ғылымдары» секциясы бойынша 9 «Ә»- сынып оқушылары Артықбай Еңлік, Тұрсынхан Наргиз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. (Физика пәнінің мұғалімдері Кашкымбекова Л.А., Сүйінбек Ж.А.)

Әбіш Кекілбаев оқуларының облыстық байқау

Әбіш Кекілбаев оқуларының облыстық байқауында «Шығармашылық жұмыс» бағыты бойынша 11″А»- сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім І дәрежелі дипломмен, «Иллюстрациялық суреттер» бағыты бойынша 10 «А»- сынып оқушысы Аман Ақниет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оркен Қ.О).

«Көптілділік-табысқа апарар жол» аудандық эссе байқауы

«Көптілділік-табысқа апарар жол» эссе байқауының аудандық кезеңінде 11 «А»- сынып оқушысы Сибгатуллина Зарина ІІ дәрежелі дипломмен, 10 «А»- сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім ІІ дәрежелі дипломмен, 8″Б»- сынып оқушысы Горгун Полина І дәрежелі дипломмен марапатталды. (Пән мұғалімдері Жанузаков Н.Б., Оркен Қ.О., Иманова А.Қ.)