Архив рубрики ‘Новости’

2022 жылдың 23 сәуірінде Шет ауданында 7-8 сынып оқушылар арасында физика пәнінен теxника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары ғылым мектебі академиясының академигі Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев атындағы облыстық олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға мектебімізден 7 «Ә»-сынып оқушысы Жанат Айбек қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

23 апреля 2022 года в Шетском районе Карагандинской области состоялась областная олимпиада имени Акылбаева Жамбыла Саулебековича, доктора технических наук, профессора, академика Академии Международной высшей школы физики среди учащихся 7-8 классов. В данной олимпиаде принял участие ученик нашей школы Жанат Айбек, учащийся 7 «Ә» класса, который был награжден дипломом III степени.

Қауіпсіз интернет

4 сәуір – Халықаралық  интернет күніне байланысты Үштөбе тірек мектебінде «Қауіпсіз интернет» компаниясы ұйымдастырылды.

Мақсаты: кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет- қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Іс- шара барысында информатика пәні мұғалімі Макашев Е.С. 6,7 сынып оқушыларына  «Қауіпсіз интернет» тақырыбында баяндама оқылып, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік жайлы мағлұматтар айтылды. 7 сынып оқушылары Мажитов Нұрсұлтан «Интернеттегі байланыс қауіпсіздігі», Мағрып Кәусар «Интернетте балалардың қауіпсіздігі» тақырыптарында рефераттар қорғады. Сынып жетекшілер «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Мектепішілік ғылыми-практикалық  конференцияның ашылуы

    2022 жылдың 15 сәуірінде «Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де оқушылар арасында мектепішілік ғылыми-практикалық  конференцияның ашылуы өтті. Мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету. Ғылыми-практикалық конференцияның ашылуын  мектеп директоры С.Ж. Артыкбаеваның құттықтау сөзімен басталды. 2021-2022  оқу жылының жалпы білім беретін  пәндер бойынша  республикалық   ғылыми жобалар байқауының   аудандық, облыстық  кезеңдерінің  жеңімпаздары туралы  ақпартты берді. Оқушылардың ізденіске деген арттыру үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өркенұлы Құдайберген Сұлтамахмұт Торайғыровтың «Оқу» өлеңінен үзінді оқыды. Ұйымдастырушылар оқушыларға сәттілік тілеп, арнайы бөлінген кабинеттерге өтті.

15 марта  2022 г. среди учащихся 5-11-х классов прошло открытие научной  конференции, посвящённой Дню науки. Цель мероприятия: научно-исследовательская мотивация деятельности учащихся, отбор и поддержка  наиболее талантливых и одаренных детей. Открытие дня науки началось с поздравительного выступления директора школы С.Ж. Артыкбаевой. Продолжилось мероприятие с информацией о победителях районных  и областных этапов Республиканского конкурса научно-исследовательских проектов по общеобразовательным предметам за 2021-2022 учебный год.   Для мотивации детей были прочтены строки учителем казахского языка Өркен Кудайберген из стихотворения Султанмамута Торайгырова  «Оқу». Затем пожелав удачи, учащиеся прошли в кабинеты для защиты научных проектов.

Мектепішілік ғылыми-практикалық  конференциясы (Бастауыш сыныптар)

«Үштөбе тірек мектебі(РО) КММ -нің бастауыш сынып оқушылар арасында ғылыми жоба өтілді.
Жоба мақсаты:Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға
қолдау көрсету.Оқушылардың шығармашылық жобалары 7 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі өлкетану,экология,математика, биология, медицина тақырыбын қамтиды.Оқушылар жетекші мұғалімдерімен бірге зерттеп жүрген тақырыптарын қорғап жақсы нәтиже көрсетті.

2022-2023 оқу жылына 1 — сыныпқа құжаттарды қабылдау

«Бала шешен» шешендік сөз сайысы

«Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-10-сынып оқушылары арасында «Бала шешен» шешендік сөз  сайысы өткізілді. Қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, оқушылардың сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, топ алдында жасқанбай, өз ойын жеткізуге үйрету мақсатында өткізілген сайыс 4 бөлімді қамтыды: «Сәлем – сөздің атасы» бөлімінде сайыскерлер өз топтарын таныстырды. «Ұлылар сөзі»  бөлімінде берілген қазақтың би-шешендерінің, жырауларының жыр-толғауларының  авторларын атады.  «Креативті жауап» бөлімінде  автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөз үлгісінде креативті жауап ұсынды. «Ой түйін» бөлімінде қатысушылар шешендік толғау мен шешендік арнау сөздерде айтылған ойға қатысты өз пікірлерін жазды. Сайыс соңында 9-сынып оқушыларынан құралған «Ізбасарлар» тобы жеңіске жетті. 10-сынып оқушылары қатысқан «Қыран» тобы да шешендік сөз тақырыбындағы білімдерін жақсы көрсете білді.

«Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр» деген халық нақылы бар. Қазақ елінің тәуелсіз, егемен ел болуын аңсап, күресіп кеткен хандар, билер, батырларды қазіргі ұрпақ құрметтеп, есте сақтауы тиіс. Ұрпағымыз бабаларымыздың тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген өсиеттерін  мұра тұтып, отаншылдық сезімдері жалындап, білімді, дарынды азамат болып өсе берсін. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.Ш.Капашева, А.А.Кадирберлина.

Наурыз мерекесіне орай//тоғызқұмалақ ойыны

Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында оқушылар арасында тоғызқұмалақ, арқан тартудан сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар тоғызқұмалақ ойыны арқылы ой- өрісін дамытса, арқан тартып күш -жігерлерін шыңдады

Читать далее »

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Олимпиада по образовательным программам «Туризм» и «Ресторанное и гостиничное дело»

Читать далее »

Победа наших учителей!

Читать далее »