2022 жылғы 30 наурызда Қарағанды қаласында №102 –ші Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті, оған бастауыш мектеп мұғалімі Ташаева Гульнар еркеновна қатысты. Ол бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі тақырыбы бойынша секцияда «Оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.. Онда бастауыш білім беру жүйесін дамыту бағдарламалары ұсынылды. Барлық баяндамалар педагогтар үшін қызықты әрі пайдалы болды.
Съездің екінші бөлімінде Қарағанды облыстық білім беру басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызымен кездесу өтті.. Ол съезге қатысушыларды жылы қарсы алып, сұрақтарға жауап берді және Съездің қорытындысын шығаруға қатысты. Соңында әр делегация естелік суретке түсті. Енді қабылданған шешімдерді орындау бойынша бастауыш сынып мұғалімдері үшін үлкен жұмыс күтіп тұр.
Опубликовано 8 апреля, 2022 Лаура Сейсембаева
«Бастауыш мектеп: Білім мен ғылымның негізі» бастауыш сынып мұғалімдерінің облысытық форумы
Рубрики Жизнь школы