




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, сондықтан биылғы оқу жылында балалардың дамуы мен қауіпсіздігіне ерекше мән берілетіні белгілі. Бала дамитын бірден бір жер-мектеп болғандықтан, біз де жолдауға сай өз жұмысымызды бастап кеттік.
1-11 сыныптарында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әр түрлі формада өткізілген тәрбие сағаттарында жоғары сыныптың оқушылары таңдап алған мамандықтарының қыр-сырын ашып, әңгімелесе, бастауыш сынып оқушылары «кім болғысы» келетіндері жайлы сөз қозғады. Балаларымыз білімді бойларына сіңіріп, болашақта Отанына аянбай еңбек етсе – егеменді еліміз өзге озық елдермен терезесі тең түсіп, абыройы үстем болары анық. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалаған ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, зор шыдамдылық тілейміз!