Ағымдағы жылдың 14-сәуірінде XV дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» байқауының аудандық кезеңі өтті. Аталған байқауға мектебімізден оқушыларымыз бен ұстаздарымыз қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша 9 «ә» сыныбының оқушысы Тұрсын Жансая жүлделі ІІ орынды (жетекшісі Кадырберлина А.А) , 6 «ә» сыныбының оқушысы Сембин Нұрсұлтан жүлделі ІІ орынды иеленіп (жетекшісі Абдуллин Н.А) 35 000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. «Бұқар жырлары» номинациясы бойынша мектебіміздің ұстазы Әлия Джандуллаевна алғыс хатпен марапатталды. «Бұқар жырауша» номинациясы бойынша мектебіміздің мұғалімі Оркен Құдайберген Оркенұлы облыстық кезеңге жолдама алды.

