Архив рубрики ‘Жизнь школы’

Әбіш Кекілбаев оқуларының облыстық байқау

Әбіш Кекілбаев оқуларының облыстық байқауында «Шығармашылық жұмыс» бағыты бойынша 11″А»- сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім І дәрежелі дипломмен, «Иллюстрациялық суреттер» бағыты бойынша 10 «А»- сынып оқушысы Аман Ақниет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оркен Қ.О).

«Көптілділік-табысқа апарар жол» аудандық эссе байқауы

«Көптілділік-табысқа апарар жол» эссе байқауының аудандық кезеңінде 11 «А»- сынып оқушысы Сибгатуллина Зарина ІІ дәрежелі дипломмен, 10 «А»- сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім ІІ дәрежелі дипломмен, 8″Б»- сынып оқушысы Горгун Полина І дәрежелі дипломмен марапатталды. (Пән мұғалімдері Жанузаков Н.Б., Оркен Қ.О., Иманова А.Қ.)

«Мақал-сөздің мәйегі» атты интелектуалды сайыс

Оқырман ғасыры жобасының мектепшілік жоспарына сәйкес 8 «А» сыныбында «Мақал-сөздің мәйегі» атты интелектуалды сайыс өтті. Оқушылар «СҰҢҚАР» және «Бүркіт» болып екі топқа бөлініп өзара мақал-мәтелдердің жалғасын тауып және берілген сөздер арқылы мақал-мәтелдер құрастырып сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша Сұңқар тобы жеңіске жетті.

«Бала шешен» шешендік сөз сайысы

«Үштөбе ТМ (РО)» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-10-сынып оқушылары арасында «Бала шешен» шешендік сөз  сайысы өткізілді. Қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, оқушылардың сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, топ алдында жасқанбай, өз ойын жеткізуге үйрету мақсатында өткізілген сайыс 4 бөлімді қамтыды: «Сәлем – сөздің атасы» бөлімінде сайыскерлер өз топтарын таныстырды. «Ұлылар сөзі»  бөлімінде берілген қазақтың би-шешендерінің, жырауларының жыр-толғауларының  авторларын атады.  «Креативті жауап» бөлімінде  автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөз үлгісінде креативті жауап ұсынды. «Ой түйін» бөлімінде қатысушылар шешендік толғау мен шешендік арнау сөздерде айтылған ойға қатысты өз пікірлерін жазды. Сайыс соңында 9-сынып оқушыларынан құралған «Ізбасарлар» тобы жеңіске жетті. 10-сынып оқушылары қатысқан «Қыран» тобы да шешендік сөз тақырыбындағы білімдерін жақсы көрсете білді.

«Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр» деген халық нақылы бар. Қазақ елінің тәуелсіз, егемен ел болуын аңсап, күресіп кеткен хандар, билер, батырларды қазіргі ұрпақ құрметтеп, есте сақтауы тиіс. Ұрпағымыз бабаларымыздың тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген өсиеттерін  мұра тұтып, отаншылдық сезімдері жалындап, білімді, дарынды азамат болып өсе берсін. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.Ш.Капашева, А.А.Кадирберлина.

Наурыз мерекесіне орай//тоғызқұмалақ ойыны

Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында оқушылар арасында тоғызқұмалақ, арқан тартудан сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар тоғызқұмалақ ойыны арқылы ой- өрісін дамытса, арқан тартып күш -жігерлерін шыңдады

Читать далее »

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Олимпиада по образовательным программам «Туризм» и «Ресторанное и гостиничное дело»

Читать далее »

Победа наших учителей!

Читать далее »

«Сарыарқа дарыны» облыстық пән олимпиадасы өтті

Читать далее »

Олимпиада КарГУ по информатике

Читать далее »