Алғыс айту мерекесіне орай 1 » А» сыныбында әдемі тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар ата-аналары мен ұстаздарына, достарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді
Архив рубрики ‘Новости’
Алғыс айту мерекесі
«МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты математикалық сауаттылық апталығы
«Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.» мақсатында «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты математикалық сауаттылық апталығы жоспарлы түрде өз жұмысын бастады. -Білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту; -Математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау; -Оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
Читать далее »Жаңа жыл- отбасылық мереке
Біздің оқушылар жаңа жылды қалай қарсы алды? Жаңа жыл- отбасылық мереке. Айналамызды безендіріп, әдемі дастархан жайылып. барлық туған-туыстардың жиналатын уақыты. Бір-біріне ақ тілектерін білдіріп, сыйлық сыйлап бір серпіліп қалады. Оқушылардың отбасымен өткізген осындай көңілді сәттерімен бөліспекшіміз.
Қысқы каникул уақытында робототехника үйірмесі
Қысқы каникул уақытында робототехника үйірмесіне қатысатын оқушылар мектепке келіп, робот құрастырудың алғышарттарымен танысып, уақыттарын тиімді өткізеді. Осы сабақтардың негізінде оқушылар алдағы уақытта болатын жарыстарға дайындық үстінде. Робототехника- математика, физика пәндерін кіріктіріп, балалардың кретивті ойлау жүйесін дамытады.
Қазақстанда Сабақты Зерттеу жобасын (Lesson Study Kazakhstan)
Конференция Lesson Study процесі туралы бейнежазбамен өте әсерлі басталып, «Lesson Study» тәсілін ұтымды жүргізуде рефлексиялық кері байланыспен өте әдемі аяқталды. Конференция барысында НЗМ шеберлік сабақтары ұсынылып,талқылау алаңында ПШО тренерлері-модератолар ұйымдастыруымен өз тәжірбиемізді зерттеу арқылы Lesson Study- тәжірбиеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді тәсілі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Кеңес беру мен пікір алаңында облыс көлемінде іріктеліп алынған 4 мектеп ішінен «Үштөбе тірек мектебі (РО) КММ атынан зерттеуші-педагогтар Сейдигазимова Г.О, Кусаинова Ж.Ш,Шаймерденова Г.Е.сарапшы Сейсембаева Л.М, модераторлар Сүйінбек Ж.А, Муканова А.Е. Lesson Study-сабақтағы зерттеу-мектепті жақсартудың тиімді құралы ретінде Lesson Study тәсілін мектептерде тәжірбиеде қолдану жолдары мен ерекшеліктері жайлы пікір алмасуда өз бейнесюжеттерін ұсынып, талқылау барысында аса жоғары белсенділікпен атсалысты. Аймақтық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға педагог-зерттеуші Нұрмагамбетова Қ.Ы. «Lesson Study-мұғалімдердің кәсіби дамуының формасы» тақырыбында өз мақаласын ұсынып, облыс көлемінде жинаққа енгізілді.
«Недоросль» по одноименному произведению Д.И.Фонвизина.КГУ «Уштобинская опорная школа(РЦ)»
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағынасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін тәрбиелік рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды. Ыбырай Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген анимациялық кино. Оқығандар: Краснолуцкая Анна, Викторчик София 6 «Б»-сынып оқушылары.
Ашық сабақ
“Біз адал елдің ұрпағымыз” тақырыбында дүниетану пәні бойынша бейнесабақты жүргізуші 4А сынып мұғалімі Сағындық Іңкар.
Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына
Қазақ халқының мақтанышы, ұлы ұстаз, тұңғыш ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушылары «Әке мен бала» шығармасынан үзінді сахналады. Сахналық қойылым оқушыларды сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке, ұстамды болуға шақырады.