«Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі

14 қазан күні Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті.
Жалпы байқауға өңірден 80 оқушы қатысты. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Аудандық кезеңнен облыстық кезеңге жолдама алған екі оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушысы Алпысбаева Айерке 2 орын (жетекшісі Исакова Акдидар Самиевна), 10-сынып оқушысы Тұрсын Жансая 2 орынды иеленіп (жетекшісі Кадирберлина Асель Алдаберлиевна) жүлдегерлер қатарынан болды.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий