«Үштөбе тірек мектебі(РО) КММ -нің бастауыш сынып оқушылар арасында ғылыми жоба өтілді.
Жоба мақсаты:Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға
қолдау көрсету.Оқушылардың шығармашылық жобалары 7 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі өлкетану,экология,математика, биология, медицина тақырыбын қамтиды.Оқушылар жетекші мұғалімдерімен бірге зерттеп жүрген тақырыптарын қорғап жақсы нәтиже көрсетті.

